Спорт

Қазақстандық клуб "Барселонаны" жеңіп, сенсация жасады

Матчқа дейін испаниялық "Барселона" айқын фаворит саналды, сондықтан ойын нәтижесі жұрттың бәріне тосынсый болды
Sputnik

АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. Шымкентте Чемпиондар лигасы 1/16 финалының алғашқы матчы өтті, алаңда "БИИК-Қазығұрт" пен испаниялық "Барселона" әйелдер командасы кездесті.  

"Қайрат" футболшысы "Барселонаға" ауысуы мүмкін

Матч күтпеген жерден қазақстандық команданың 3:1 есебімен жеңіске жетуімен аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.

  "Барселона" қақпасына гол соққандар: Алексия Путельяс (өз қақпасына), ал кейін Фазила Иквапут пен Гүлнәр Габелия.

Айта кетейік, сарапшылар матч басталғанға дейін ойын фавориті ретінде "Барселонаны" атаған болатын.  

Қарымта кездесу Испанияда 26 қыркүйекте өтеді.