Оқиға

Алматыда жол ережесін бұзған көліктің кесірінен жас мотоциклші көз жұмды

Жиырма үш жастағы байкер алған жарақатынан ауруханада көз жұмған
Sputnik

АЛМАТЫ, 12 қыркүйек – Sputnik. Алматыда мотоциклші жол апатынан ажал құшты, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

Жол апаты Төле би және Абдуллиндер көшелерінің қиылысында болды. Көптеген оқиға куәгерінің сөзі бойынша, Nissan Cefiro Абдуллиндер көшесі бойымен оңтүстік бағытта кетіп бара жатады. Неге екені белгісіз, жүргізуші "Жол бер" белгісіне қарамастан, қиылысқа шығып кеткен, ал ол кезде Төле би көшесімен шығыс бағытта мотоциклші келе жатқан еді. Байкер тоқтап үлгермей, бар жылдамдығымен көліктің бүйіріне соғылады.

1 / 2
Алматыда жас байкер жол апатынан ажал құшты
2 / 2
Алматыда жас байкер жол апатынан ажал құшты

Соққының қатты болғаны сонша, мотоциклдің рөлі 180 градусқа майысып қалған. 1995 жылы туған жас мотоциклші ауыр хәлде ауруханаға жеткізіліп, өкінішке орай, есін жимастан сол жерде жан тапсырды.