АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Кенияда сиыр өзіне шабуыл жасаған арыстанды тұншықтырып өлтірді. Бұл туралы Nairobi Wire порталы жазды.
Арыстан сиырға мемлекеттің Шығыс провинциясының Меру округінде шабуыл жасаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, арыстан екі апта бұрын Меру ұлттық паркінен қашып кеткен. Осы уақыт ішінде ол аймақтағы барлық сиыр, қой және қозыға шабуыл жасап шыққан.
Алайда бұл жолы арыстанның шабуылы өліммен аяқталды. Арыстан өзінен қашқан сиыр байланған арқанға қылқынып өлді. Полицейлер арыстанға оқ тимегенін және қандай бір жарақат алмағанын растады. Десе де, жыртқыштың денесі сараптамаға жөнелтілді.
Ауыл тұрғыны Стэнли Мвенда жергілікті тұрғындардың сиырға ризашылық білдіріп жатқандарын жеткізді.
"Табиғатты қорғау қызметінің жұмысшылары апталап арыстанды қолға түсіре алмаған екен. Біз он күн бойы қорқып жүрдік. Арыстан жұрттың зәресін алып, тұрғындар үлкен психологиялық соққы алды", — деді ол.