Экономика

Сағынтаев арнайы кеңес өткізеді

Кеңесте президент тапсырмаларының орындалу барысы қаралады
Sputnik

АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Бүгін үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қыркүйек айының соңына қарай өңірлердің, банктердің, бизнес пен квазимемлекеттік сектордың қатысуымен атқарушылық тәртіп жөнінде арнайы кеңес өтетінін айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Өтірік айтқанда да, дұрыстап айту керек қой" Министрлер Сағынтаевтан сөз естіді

Бұл тапсырма ұлттық экономика министрлігіне, мүдделі мемлекеттік органдар мен премьер-министрдің кеңсесіне тапсырылды.

"Негізгі мәселе – президент тапсырмаларынның орындалу барысы, әсіресе – сессияның ашылуында берілген тапсырмалар, президенттің бес әлеуметтік бастамасы бойынша тапсырмалар. Тимур Мұратұлы, тапсырмалардың орындалу сапасы, проблемалар мен оларды шешу жолдары бойынша егжей-тегжейлі талдау қажет", — деді премьер-министр. 

Үкімет отырысында еліміздің 2018 жылдың сегіз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары туралы орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары баяндады.