Қоғам

Астанада күн 23 градусқа дейін жылынады

Синоптиктер елорданың алдағы үш күндегі ауа райына болжам ұсынады
Sputnik

АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Синоптиктер алдағы үш күнде Астанада күн ашық әрі жылы болады деп болжап отыр.

Бірнеше облыста қар жауады - Қазгидромет

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, ертең, 12 қыркүйек күні елордада көшпелі бұлт шығады, алайда күн ашық болады.  Солтүстіктен 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде —1…-3 °С суық болса, күндіз +13…+15 °С дейін жылынады. 

13 қыркүйекте де көшпелі бұлт шығып, оңтүстік-батыстан жел соғады. Күн ашық болады. Сынап бағанасы түнде +4…+6 °С, күндіз +18…+20 °С дейін көтеріледі.

Ал жұма, 14 қыркүйекте температура түнде +6…+8 °С, күндіз +21…+23 °С дейін жоғарылайды. Ауа райы жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығады. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы 7-12 м/с, екпіні 15-20 м/с жел соғады.