Оқиға

Алматы полициясы базар маңында көлік қағып өлтірген адамның кім екенін анықтап жатыр

Ер адам жолды тиісті емес жерден кесіп өтемін деп көлік астына түскен
Sputnik

АЛМАТЫ, 11 қыркүйек — Sputnik. Алматыда кеше түнде Райымбек даңғылындағы "Алтын Орда" базарының жанында ер адамды көлік қағып өлтірді.

Көптеген оқиға куәгерінің сөзіне сүйенсек, Toyota Rav 4 Райымбек даңғылымен батыс бағытта келе жатқанда, базар маңында ер адам жолды тиісті емес жерден кесіп өтпек болады.

1 / 2
Базар жанында ер адамды көлік қағып өлтірді
2 / 2
Базар жанында ер адамды көлік қағып өлтірді

Жүргізуші тоқтап үлгермей, жаяу жүргіншіні қатты жылдамдықпен қақты. Содан соң Toyota бірден тоқтаған, алайда сол кезде оған, болжам бойынша, Subaru көлігі соғылыпты. Екінші көлік оқиға орнынан қашып кетті.

40-45 жастағы ер адам алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Полиция қаза тапқан адамның кім екенін анықтауы тиіс әрі оқиғаның мән-жайын тергейді.