Саясат

Әділбек Жақсыбеков "Цесна" корпорациясын басқаратын болды

Ол бұған дейін Қазақстан Президенті әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды
Sputnik

АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Әділбек Жақсыбеков "Цесна" Корпорациясы" АҚ директорлар кеңесін басқарады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. 

"Цесна" Корпорациясы" АҚ Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы 2018 жылдың 10 қыркүйегінен бастап "Цесна" Корпорациясы" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына сайланғаны туралы хабарлайды", — деп жазылған ресми хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті әкімшілігін басқарған Әділбек Жақсыбеков мемлекет басшысының жарлығымен зейнет жасына жетуіне байланысты қызметінен босатылған болатын. 

Назарбаев Жақсыбековті зейнетке жіберді

Әділбек Жақсыбеков 1954 жылы 26 шілдеде Қостанай облысы, Қарабалық ауданының Бөрілі ауылында туған. 1982 жылы Мәскеуде Бүкілодақтық кинематография мемлекеттік институтының экономика факультетін тәмамдаған. 

1995 жылы Қазақстан Сенатына сайланады. 1996 жылы Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды. 

1997 жылдың желтоқсанынан 2003 жылдың маусымына дейін Астана әкімі қызметін атқарды. 

2003 жылдың маусымы – 2004 жылдың желтоқсаны аралығында ҚР индустрия және сауда министрі болып тағайындалды. 

2004 жылдың желтоқсанында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болды. 

2008 жылдың 23 қаңтарынан "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары; 2008 жылдың 11 қаңтарынан Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды. 

2009 жылдың 24 маусымы – 2014 жылдың 2 сәуірі аралығында ҚР Қорғаныс министрі болды. 

2014 жылдың 3 сәуірінен Қазақстанның мемлекет хатшысы қызметін атқарды. 2014 жылдың қазанында Астана әкімдігіне қайтып оралды. Елорда әкімі қызметін 2016 жылдың 21 маусымына дейін атқарды. 

2016 жылдың 21 маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы лауазымында болды.