Ер адам интернет желісіне өзінің әйел әріптесімен бірге тамақтанып отырған видеосын салған. Сауд Арабия тұрғындары осы видеодағы әйел адамның әріптесін қолымен тамақтандырып отырғанын көріп ашуланған-ды.
Видео Twitter желісінде қызу талқыға түсіп жатыр. Желі қолданушыларының бір бөлігі ер адамды ғана емес, оның әріптесін де жазалауды жөн көрген екен.
Бахаизмді ұстанатын азаматты полиция өзі жұмыс істейтін қонақүйге барып тұтқындады. Сондай-ақ, ол иммигранттарға тыйым салынған салада жұмыс істеп жүргені үшін айыпталды.
Аталған жағдайдан кейін Сауд Арабия билігі шетелдіктерді тәртіпке шақырып, елдің құндылықтары мен дәстүрлеріне қатысты мәлімдеме жасады.
Естеріңізге сала кетсек, патшалықта әйелдерге көлік айдауға рұқсат берген еді.