Оқиға

Алматыда екі Toyota көлігі қатты соқтығысты

Жол апаты салдарынан үш адам зардап шеккен
Sputnik

АЛМАТЫ, 10 қыркүйек – Sputnik. Алматыда жеңіл көлік пен жол талғамайтын көлік қарама-қарсы соқтығысып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik агенттігіне.

Жол апаты Желтоқсан мен Мәметов көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлердің сөзі бойынша, Toyota Camry Мәметов көшесінің бойымен шығыс бағытта келе жатып, жүргізуші солға Желтоқсан көшесіне бұрылған. Сол кезде қарама-қарсы бетте Toyota Hilux Surf жол талғамайтын көлігі келіп қалыпты. Екі көлік соқтығысып, Camry жүргізушісі, Hilux Surf жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті.

Жандосов және Мәметов көшелері қиылысында екі Toyota көлігі соқтығысты

Көліктер қатты майысып қалған.

Кеше Алматыда Жандосов және Манас көшелері қиылысында , алты адам зардап шеккен, олардың үшеуі балалар. Екі жасар сәби ауыр хәлде жатыр.