Қоғам

Бірде-бір рейсті кешіктірмеген қазақстандық әуекомпания анықталды

Air Astana ұлттық әуе тасымалдаушысы бұл ретте үздік көрсеткіштермен көзге түспеді
Sputnik

АСТАНА, 8 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігі азаматтық авиация комитеті Қазақстанда рейс орындауда ең кешікпейтін әуекомпанияларды анықтады.

Мәскеу – Қызылорда бағытында жаңа рейс ашылады

2018 жылдың алғашқы жартысында Астана және Алматы әуежайларында тұрақты рейс орындаушы шетелдік әуекомпаниялар ішінде ең жоғарғы көрсеткіштерге "Узбекистан хаво йоллари" (Өзбекстан), "Wizz Air" (Венгрия) және "LOT Polish Airlines" (Польша) жетті.

Венгер әуе тасымалдаушысы "Wizz Air" рейстердің 98%-ын кешіктірмей орындаған (көрсетілген уақыт аралығында 52 рейс орындалды), "LOT Polish Airlines" (Польша) – 97% (86 рейс), "Узбекистан хаво йоллари" (Өзбекстан) – 94% (266 рейс), "Turkish Airlines" (Түркия) – 90% (297 рейс).

Алты ай ішінде жүзден аса рейс орындап, кешікпейтіндер рейтингісінде көш бастаған шетелдік компаниялар:

 

  • "Узбекистан хаво йоллари" (Өзбекстан) – 94% (266 рейс);
  • "Turkish Airlines" (Түркия) – 90% (297 рейс);
  • "Сибирь" (Ресей) – 86% (205 рейс);
  • "Air Arabia" (БАӘ) – 80% (165 рейс);
  • "Fly Dubai" (БАӘ) – 76% (307 рейс).

 

Қазақстандық әуе тасымалдаушылар ішінде үздіктер қатарында бірінші орын иеленген — "Жезқазған- эйр" 100% (51 рейс).  Одан кейінгі орында "Жетісу" — 100% (11 рейс). Сәл төмендеу көрсеткішке ие "Бек Эйр" — 97,8% (5 150 рейс). Әрі қарай тізімде тұрған "Южное небо" — 94,3% (548 рейс); "Эйр Астана" — 86,16% (21 657 рейс);"SCAT әуекомпаниясы" — 79,9% (10 446 рейс); "Qazaq Air" — 78% (2 544 рейс).