Ғалымдар Айдағы "адам бейнесінің" сырын ашты

АҚШ планетологтары Айдағы адам бейнесінің қайдан пайда болатынын анықтады
Sputnik

АСТАНА, 8 қыркүйек — Sputnik. АҚШ-тың Ратгер университеті планетологтары Айдың бетіндегі әртүрлі өрнектердің қайдан пайда болғанын түсіндірді, деп хабарлайды РИА Новости Science Alert басылымына сілтеме жасап.

Астролог айдың тұтылуынан кейін адам өмірінде не өзгеретінін айтты

Ғалымдарға белгілі мәлімет бойынша, "айдағы ұйытқыманың" қайда болатынын магниттік аномалия анықтайды, алайда өте күшті магнит өрісінің барлық бөлігінің айналасында осындай өрнектер пайда болмайды. Оның үстіне Айдың өзі жаһандық магнит өрісін тудырмайды. Соның салдарынан ай бетіндегі осы бір өрнектердің сыры ұзақ уақытқа дейін жұмбақ болып келді. Әсіресе, сол өрнектердің Ай бетіндегі "адам сұлбасын" елестетуі жұртты таңғалдыратын.

Зерттеушілер компьютерлік модельдеу көмегімен анықтағандай, ұйытқымалар спутниктің беткі қабаты астында орналасқан магниттік өріс көзіне жақын жерде немесе тура үстінде пайда болуы тиіс екен. Көздердің өзі аса тереңде емес, жанартаудан атқылаған лаваның ара-арасы кебе бастағанда пайда болатын тік "құбыршаларға" ұқсайды.

Ғалымдар атап өткендей, базальт құрылымдар Ай бетінде үш-төрт миллиард жыл бұрын пайда болыпты. Планетологтардың пікірінше, "лава құбырлары" өрнектің пайда болуын жақсы түсіндіреді. Ай жыныстары 600 градус Цельсийге дейін қызып және суыған кезде оттегі жетіспегендіктен магниттік қасиетке ие болады, өйткені жоғары температура минералдардың бұзылып, темірдің пайда болуына әкеп соғады.