АСТАНА, 7 қыркүйек — Sputnik. Мемлекет басшысы Теміртауда тұрған жылдарын ерекше ықыласпен еске алады. Бүгін жөндеуден өткен қалалық мәдениет және демалыс саябағында болған Нұрсұлтан Назарбаев жастық шағына қайта оралғандай күй кешті.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от AkordaPress (@akordapress) 7 Сен 2018 в 2:13 PDT
Жергілікті әртістер 50-60 жылдардағы қала тарихы туралы театрландырылған қойылым әзірлепті. Президент ретро костюм киген жас орындаушыларға қолдау көрсетіп, комсомолдық кездер туралы әнді бірге шырқады.
Елбасы жас әншілердің ортасында
© Photo : Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайты
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев металлургиялық комбинаттағы бұрынғы әріптестерімен кездесіп, әңгіме-дүкен құрды.