АСТАНА, 7 қыркүйек — Sputnik. Зерттеушілер қолға арналған кептіргіштер аса қауіпті бактериялар таратады деген қорытынды жасады.
Зерттеулер көрсеткендей, бұл құрылғылардың медициналық мекемелердің әжетханаларына орнатуға болмайды, өйткені бактериялық инфекциялардың таралуына әкеп соғуы мүмкін, деп хабарлайды MedicalXpress.
Ғалымдар Франция, Италия және Ұлыбританиядағы ауруханалардың әжетханаларында патогендердің таралуына сараптама жасады, олар қолға арналған кептіргіштер қойылған әжетханалар мен қағаз сүлгілерді пайдаланатын мекемелердегі бактериялар деңгейін салыстырып қараған.
Зерттеу барысында анықталғандай, кептіргіш құралдардың пайдалану бактериялардың көп таралуына әкеп соғады, олардың кейбірін тіпті дәрі-дәрмектің көмегімен де ағзадан жою мүмкін емес.
Миллардтаған адам жастайынан қайтыс болады — себептері
Яғни, кептіргіштер дұрыс жуылмаған қолдардағы микробтарды ұшырып әкетіп, айналаға бактерия "бүркіп" тұрады. Ал иммунитеті төмен науқастар сол бактерияның салдарынан дертке шалдығуы мүмкін. Сол себепті ғалымдар қолдағы ылғал мен микробтарды бойына сіңіріп алатын қағаз сүлгілерді пайдалануға кеңес береді.