Мәдениет

Әнші Төреғали комедиялық фильмде басты рөлді сомдады — видео

Әнші өзі түскен фильмнің саундтрегін жариялады
Sputnik

АСТАНА, 7 қыркүйек — Sputnik. Өзіне Ұлы дала баласы деп лақап ат берген Төреғали Төреәлі жуырда жаңа қырынан танылмақ. Бұл жолы әнші комедиялық фильмге түсті.

Танымал әнші Төреғали Төреәлі өзі түсірген фильмде басты рөлді сомдады. Сондай-ақ, ол осы туындыға арнап саундтрек жазған екен. Оны сазгер әрі әнші Ғазизхан Шекербековпен бірге орындады.

"Тұсаукесер! ТТТ&G "Кино көрем" атты жаңа туындысын ұсынады! Жақында жарыққа шығатын "Ұлы дала комедиясы" фильмінің ресми саундтрегін тек YouTube желісіндегі "Той Думан" каналынан тамашалай аласыздар!" — деді әнші.

Көпшілік фильмді асыға күтетіндерін айтып, әнге жоғары баға берді.

"Ғазизхан, тамаша әнші әрі сазгер! Өлеңдері күшті!", "Базар жоқ", "Біздің Төреш жаратынын білгенмін", "Жарайсың, балам", "Құтты болсын, жарайсың", "Күшті", "Фильмнің күлкілі болатынына сенімдімін", "Кино қашан шығады екен?", "Күтеміз" деп жазды желі қолданушылары.