Мәдениет

Баян Алагөзованың әпкесі ерекше дауысымен жұртты тамсандырды — видео

Бәтес Байлы өзінің мерейтойында күйеу баласымен бірге дуэт орындады
Sputnik

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Әнші әрі тележүргізуші Аша Матайдың анасы бұл жолы жаңа қырынан ел назарына ілікті. Заңгер Бәтес Байлы өзінің мерейтойында күйеу баласымен және өзге де танымал әншілермен қосылып ән айтты. 

Күні кеше Баян Алагөзованың әпкесі Бәтес Байлы туған күнін дүркіретіп атап өтті. Бұл жиынға қазақ эстрадасының барша танымал жұлдызы жиналды. 

Мерейтой кезінде Аша Матайдың анасы танымал әншілермен бірге дуэт орындап жұртты таң-тамаша етті.  

"Қызықты дуэт шықты. Менің әпкем кезінде әнші болғысы келген. Есесіне ол бүгінде тамаша заңгер болып жүр. Туған күнің құтты болсын!" — деді Баян Алагөзова. 

Эстрада жұлдыздары Бәтес Байлымен қуана дуэт орындағандарын жазып жатыр. Олардың қатарында Мәдина Сәдуақасова бар. 

"Бүгін тойда Аша Матайдың анасы Бәтес Мақсатқызымен "Сүйген жүрек" әнін қосылып орындадық. Төгілген дауысын естіп таңғалдым. Әнді өте әдемі орындады. Нағыз тосынсый болды! Мерейтойыңыз құтты болсын, Бәтес Байлы. Мәкең екеуіңіз балаларыңыздың қызығына тоймай, бақыттың базарында шалқып жүре беріңіздер", — деді жұлдыз.