Мәдениет

Роза Рымбаева: фонограммамен ән айтсам, қара жерге кірейін

Әнші гәстрөлдік сапар кезінде болған жайсыз оқиға туралы айтты
Sputnik

АСТАНА, 5 қыркүйек — Sputnik. Белгілі әнші басынан өткен бір жайсыз жағдайды баяндап берді. Айтуынша, гәстрөлдік сапарда жүрген кезінде денсаулығы сыр беріп, мұрны бітеліп қалған. Десе де, ол өзінің сырқаттанып тұрғанына қарамастан, фонограммамен ән айтудан бас тартқан екен. Бұл туралы "Собеседник" басылымы жазды.

"Сыйластығымыз үзілмесін". Ернар Айдар Роза Қуанышқызымен татуласты

Роза Рымбаева бүгінде күн сайын гәстрөлдік сапарда жүретінін айтады. Сондай-ақ, ол ешуақытта фонограммамен ән айтып көрмегенін жеткізді. Өзін осы әрекеті үшін ерекше мақтан тұтады екен.

"Сахнада тұрып құры аузымды жыбырлатсам, жер астына кірейін. Бірақ, мұны білдірмей жасайтын әртістер бар. Бізде бұл істің нағыз шеберлері тұрады! Мен олардың қатарына кірмеймін", — дейді ол.

Сондай-ақ, жұлдыз денсаулығы сыр беріп тұрса да, фонограммамен ән айтудан бас тартады екен. Бұған себеп те жоқ емес.

Рымбаева өзін үкіметтік концерттерге кім шақырмай жүргенін айтты

"Бірде гәстрөлдік сапарда жүріп, аллергиям қозып, мұрным бітеліп қалды. Дәрігерге барып өзіме не болғанын сұрадым. Ол көмейіме қарап тұрып "Розатай, сізде аллергия. Бізде зауыттар қалдықтарын ауаға жібереді, сізге сол жақпай жатыр" деді. Маған сол сәтте фонограммамен ән салуды ұсынды. Бірақ мен бас тарттым. Ән айтқанда дауысым мінсіз болғанмен, кейін сөйлегенде мұрнымның бітеліп тұрғаны байқалып қалады емес пе? " — дейді әнші.