Қоғам

Қазақстанда халық санағына қанша қаржы жұмсалмақ

Ұлттық халық санағы 2019 жылы өтеді
Sputnik

АСТАНА, 5 қыркүйек — Sputnik. ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ұлттық халық санағына бюджетте қанша қаражат қарастырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір жоспар бойынша 2019-2021 жылдарға арналған бюджет жобасы парламентке енгізілді, онда халық санағына 8,8 миллиард теңге қарастырылған", — деді Сүлейменов.

Министр келесі жылы елімізде он жылда бір жүргізілетін жалпыға бірдей ұлттық халық санағы өтетінін еске салды.

Елбасы Алматыға көшіп келушілерге үй беруді тапсырды

Қазіргі таңда Қазақстан халқының саны 18,2 миллион адамнан асады.