АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен оның бапкері Абель Санчес телефон конференциясында жаттығу процесі туралы айтты, деп хабарлады Sports.kz.
– Сен өзіңді 25 жастағы жігіттей сезінетініңді айттың, бірақ 25-те емессің ғой. Қазір шынымен де 25-те болған кезіңнен басқаша жаттығу жасайсың ба?
– Өте жақсы жаттығып жүрмін және өзімді жақсы сезінемін. 36 жастағы адам секілді жаттығамын.
(Санчес) – Мен барлығына бірдей үйретемін, бірақ боксшы егде тарта бастағанда жаттығу әдісін өзгертемін. Сондықтан ол залдағы жаттығудың барлығына бірдей қатыспайды. Ең бастысы оған тиімді кесте жасай білу керек.
"Канело" — GGG рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-де өтеді.