Оқиға

Астанада автокөлік шам бағанасына соғылып, полицей көз жұмды

Шетел көлігінде жолаушы ретінде келе жатқан жол-патрульдік қызметінің инспекторы жол апатынан қаза болды
Sputnik

АЛМАТЫ, 5 қыркүйек — Sputnik. Астанада 4 қыркүйек күні түн жарымында болған жол-көлік оқиғасының салдарынан полицей көз жұмды.  

Жол апатын видеоға түсіріп, Instagram-дағы Autolife_ast парақшасында жариялаған куәгерлердің айтуынша, оқыс оқиға Түркістан көшесінде болған.

 

 

"Dodge Керей-Жәнібекпен қатты жүріп өтіп, рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған полицейді қағып өтті. Кейін бордюрге шығып, шам бағанасын құлатып, өртеніп кетті", — деп жазды куәгер Instagram-да.

Дегенмен Астананың ІІД бұл ақпаратты растамады. Бастапқы тергеудің қорытындысы бойынша полицейді қақпаған, көлікте жолаушы ретінде отырғаны анықталды. 

Павлодар облысында басқарма басшысы отбасымен жол апатынан қаза болды

"Оқиға орнында шетел көлігінің 23 жастағы жолаушысы – Астана ІІД ЖПҚ жол-патрульдік полициясы полкінің қызметкері көз жұмды", — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Dodge көлігінің жүргізушісі әр түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.  

Апат дерегі бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. Сондай-ақ елордалық ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды.