Өңірлер

Ақтауда 20 жастағы бойжеткенді такси жүргізушісі зорлап тастады

Бұл факті бойынша «зорлау» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр
Sputnik

АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Ақтауда 20 жастағы бойжеткен жолшыбай отырған көліктің жүргізушісін өзін зорлады деп айыптап жатыр. 

Дәрігер операциядан кейін наркозда жатқан әйелді зорлап тастады

Басқұдық ауылынан келген қыздың айтуынша, Ақтауда түнгі клубтан шығып такси ұстаған. Бірақ шетелдік көліктің жүргізушісі оны тек "Рауан" бау-бақша серіктестігіне дейін ғана апарып, әрі қарай бармайтынын айтқан. Осы жерде бойжеткен тағы бір таксиге отырады. Ол ер адамға мекенжайын айтып, жайбарақат көлікке отырады, деп жазады tumba.kz.

Бірақ жүргізуші қызды басқа жаққа алып кетеді. Жас жігіт жолда тоқтап, көліктің ішінде бойжеткенді зорлаған. 

Кейбір деректер бойынша, бұл қылмысты Атырау тұрғыны жасауы мүмкін.