Фото

Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуында: 12 айшықты фото

Sputnik

Дүйім жұртты тәнті еткен тамаша шара ерекше костюм киген әртістердің қойылымымен басталып, көшпенді халықтардың тарихы мен мәдениетінен, тұрмыс тіршілігінен сыр шертті.

Шоу сән-салтанатпен өтіп, көрермендер де, қатысушылар да дән риза болды.

III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 195 қазақстандық қатысып жатыр. 37 ұлттық спорт түрінен өтетін ауқымды жарыста 67 елден келген екі мыңдай спортшы бақ сынасады.

Әр елдердің 30 БАҚ өкілі жарыстар туралы жарыса жазып, жаңалықтармен бөліспек.

Толығырақ фотолентамыздан тамашалай аласыз.

Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бірінші орында келеді


1 / 12
Ыстықкөлде III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары салтанатты түрде ашылды
2 / 12
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қатысты. Құрметті қонақ ретінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев шақырылды
3 / 12
Шара Чолпон-Атадағы ипподромда өтті
4 / 12
Шоу "Әлемнің жаратылуы" атты айшықты театр қойылымымен басталды
5 / 12
Қойылым үш кезеңнен тұрады: тіршілік пен адамның жаратылуы, көшпенділер өркениетінің пайда болуы
6 / 12
Шоу барысында көшпенділер мәдениетінің тарихи көрермен назарына ұсынылды
7 / 12
Көрермендер жарысқа қатысушыларды ыстық ықыласпен ду қол шапалақтап қарсы алды. Қазақстанның намысын 195 спортшы қорғайды
8 / 12
III Көшпенділер ойындарына әлемнің 66 елі мен Ресейдің 11 субъектісінен барлығы 1 556 спортшы қатысады
9 / 12
Трюктерді кәсіби каскадерлер орындады
10 / 12
Мың манасшы атақты эпостың үзіндісін хормен орындап, көпшілікті тәнті етті
11 / 12
Ашылу салтанаты көздің жауын алар отшашумен аяқталды
12 / 12
Көшпенділер ойындары 2 және 8 қыркүйек аралығында Чолпон-Ата мен Кырчын шатқалында өтеді