Қоғам

Астанада 4 әйел көз жұмған перзентхананың бас дәрігері жұмысынан босатылды

Надыров №1 перинаталды орталықты жабу жоспарда жоқ екенін айтты
Sputnik

АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Астанада төрт ана көз жұмған №1 перинаталды орталықтың бас дәрігері қызметінен босатылды. Бұл туралы бүгін Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Астана перзентханасында тағы бір әйел сәбиінен айырылды

"Қазіргі таңда қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша қорытынды шығарылады, қазір  №1 перинаталды орталықтың бас дәрігері қызметінен босатылғанын айта аламын", — деді Надыров үкімет кулуарында. 

Оның айтуынша, бұған дейін перинаталды орталықта инфекция бар-жоғын анықтау үшін эпидемиологиялық зерттеу жүргізілген. Сараптама мен тексерістер нәтижесі барлығы норма шегінде екенін көрсеткен, сондықтан перзентхана жұмысын жалғастыра береді, — деді ол. 

Айта кетсек, 1 қыркүйек күні №1 перинаталды орталықта төртінші ана көз жұмды. Соңғы үш ай ішінде Астана перзентханаларында бес әйел қайтыс болды.

Қоғам белсендісі президентке жүктілік мерзімін 7 айға дейін қысқартуды ұсынды