Қоғам

Сүлейменов орынбасарының неге жұмыстан кеткенін түсіндірді

Министрдің айтуынша, Дана Жүнісова басқа маңызды қызметке ауысқан
Sputnik

АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жуырда тағайындалған орынбасары Дана Жүнісованың қызметінен кету себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Қазақстанда мыңнан аса шенеунік қызметінен айырылуы мүмкін

"Жұмыстан шығарып жіберген жоқпын. Ол жақсы жұмыс істеді, енді басқа маңызды қызметке ауысып жатыр. Отбасылық, жеке жағдайына байланысты бұл қызметтен кетуге мәжбүр. Жұмысына тағар мініміз жоқ, зор алғысымызды айтамыз", — деді Сүлейменов үкімет кулуарында. 

Еске сала кетсек, ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған Дана Жүнісова берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды. 

Оның орнына ҚР премьер-министрі кеңсесі жобалық басқару орталығының меңгерушісі қызметін атқарған Әсет Ирғалиев тағайындалды.

Қазақстан халқы министр Қасымовтың отставкаға кетуін талап етті