Мәдениет

"Сыйластығымыз үзілмесін". Ернар Айдар Роза Қуанышқызымен татуласты

Әнші өзін сынаған Роза Қуанышқызына еш реніші жоқ екенін айтты
Sputnik

АСТАНА, 3 қыркүйек  Sputnik. Танымал әнші Ернар Айдар Instagram желісіндегі парақшасында Роза Қуанышқызымен түскен суретін жариялады. Сондай-ақ, ол суреттің тұсына арада болған түсініспеушіліктердің барлығы біржолата жойылғанын жазды. 

Ернар Айдар туралы не білеміз?

Суретке қарап тұрып Ернар Айдар мен Роза Рымбаева арасында түсініспеушілік болды деп айту қиын. Бір кездері әншіні өнердегі әпкесі "той әншісі" деп сынаған еді.

"Роза Қуанышқызы  өте еңбекқор, парасатты, анамыздай ақ баталы тұлға. Кейде біздерді бүгінімізден де жақсы болсын деп қамшылап алуы мүмкін. Одан жаман болмаймыз. Күз келіп, күн суытқанмен, көңіл суытпасын. Жақсы сөз айтып, жандарыңыз жаздай жадырап жүрсін. Үлкендерге құрметіміз, кішілерге ізетіміз, сыйластығымыз үзілмесін!" деп жазды әнші суреттің тұсына.

Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің кішіпейілділігіне риза болғандарын жарыса жазып жатты. "Роза Рымбаева, расымен де, өзінің кім екенін бүкіл әлемге мойындатқан әнші, керемет ана, адам! ", "Жарайсың, Ернар", "Осындай кішіпейіл болу керек", "Алла мейірімді болып тұрғанда, пенде қайда барсын?! " деп жазды олар.