Әлем

Шетелге шықпайтындардың қандай ауруға шалдығатыны анықталды

Мамандар "демалыс дефициті" деп аталатын синдромның болатынын айтады
Sputnik

АСТАНА, 3 қыркүйек — Sputnik. Демалысқа көп шыға бермейтін, шықса да қосымша жұмыс істеп жүретін адамдар болады. Мамандардың айтуынша, осы адамдардың басқаларға қарағанда депрессияға шалдығу қаупі екі-үш есе жоғары. Бұл туралы АТОР сайты Allianz Global Assistance Vacation Confidence Index зерттеуіне сілтеме жасап хабарлады. 

Қазақстанда 2018/19 оқу жылында қай күндері демалыс болады?

Мұнда демалыс деп шетелге немесе кемінде 100 миль жерде орналасқан елді мекенге бару туралы айтылып тұр. Яғни адам кезекті демалыс кезінде міндетті түрде тұрғылықты мекенжайын ауыстыруы тиіс.

Сондай-ақ, мамандар "демалыс дефициті" деп аталатын синдромның болатынын айтады. Әдетте бұл синдромға шалдыққан адамдар биыл демалып үлгермейтініне сенімді.

"Демалыс дефицитіне" шалдыққан респонденттердің үштен бір бөлігі (30,4 %) депрессияның жеңіл түріне, 12%-і ауыр түріне шалдыққан. Мұнымен қатар, 2018 жылы немесе соңғы екі-үш жылда шетелге шықпаған америкалықтардың депрессияның ауыр түріне шалдыққаны белгілі болды. 62%-і 2017 жылы шетелге шықпаған. Ал 56%-і соңғы рет екі жыл бұрын демалған.