АСТАНА, 2 қыркүйек — Sputnik. Американың Батыс Вирджиния штатында телеарнада істейтін екі әйел арасында төбелес шықты.
WSAZ телеарнасында ауа райы болжамын жүргізетін Челси Амбрицке әріптесі Эрика Бивенсті ұрып-соқты деген айып тағылды. Бивенстің аймақтық сотқа берген шағымында айтылғандай, төбелес салдарынан әйелдің бас сүйегі сынып, құлақ жарғағы жарылған.
Жанжалдың неден шыққаны арызда көрсетілмепті. FTVLive порталы қала полициясына сілтеме жасап, төбелеске қызғаныш себеп болғанын хабарлады. Бивенстен жауап алған полицейдің айтуынша, ол әріптесінен күйеуі Дональдтты қызғанған.
Егер Амбрицтің кінәсі дәлелденсе, онда ол бір жылға бас бостандығынан айырылып, 500 доллар мөлшерінде айыппұл төлейді, деп жазады РИА Новости.
WSAZ телеарнасы жанжалға қатысты түсініктеме берген жоқ.