Спорт

Қазақстандық Азиада медалистеріне қанша сыйақы беріледі

Алтын медаль иегерлеріне берілетін ақшалай сыйақы "күміске" қарағанда екі есе артық
Sputnik

АЛМАТЫ, 2 қыркүйек — Sputnik. Азиаданың қазақстандық жеңімпаздары қанша көлемде сыйақы алатындары белгілі болды. Индонезияда өткен Азиада-2018 ойындарында отандық спортшылар 76 медальды қанжығаларына байлады. 

Азиаданың финалында жұдырықтасқан екі қазақ та өзбекке есе жіберді

Алтын медаль иелеріне мәдениет және спорт министрлігі 10 мың доллардан береді, деп хабарлайды Sports.kz басылымы. Ал "күміс" жүлде иегерлері бес мың доллардан алады. Сондай-ақ, қола медаль алғандарға 3 мың доллар көлемінде сыйақы тарту етіледі. 

Қазақстандық спортшылар Азиада ойындарында барлығы 15 алтын, 17 күміс және 44 қола медаль алды. Осылайша Қазақстан медаль саны бойынша тоғызыншы орынға жайғасты.

Жүлделі орындарды Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея спортшылары иеленді.