Оқиға

Жаркент маңында оқушы жүргізген көлік жантүршігерлік апатқа ұшырады

Полицейлер бала шетелдік көлікті қалай мініп кеткенін анықтап жатыр
Sputnik

ТАЛДЫҚОРҒАН, 1 қыркүйек — Sputnik. Алматы облысында автокөлік тізгіндеген 14 жастағы оқушы қайғылы қазаға ұшырады, деп хабарлады Sputnik.

Instagram-дағы Кris_p.kz тобында жол-көлік оқиғасы болған жерде түсірілген видео жарияланды. Видеоға түсініктемеде трагедия Жаркент қаласының маңында болғаны айтылған.

Алматы облысының Ішкі істер департаменті жол апаты шынымен де Жаркент маңында 30 тамыз күні кешкі уақытта болғанын хабарлады.  

"Mercedes және Audi көліктері Жаркент – Тұрпан автожолының 2-ші километерінде соғысқан. Mercedes Benz автокөлігін 14 жастағы жасөспірім жүргізгені анықталды. Ол оқиға орнынан аудандық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді, дәрігерлер баланы ажалдан арашалап қала алмады. Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігінде көзделген жол апаты фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", — мәлімдеді Алматы облысы ІІД-нің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет. 

Жасөспірім автокөлікте жалғыз болған, қазір полицейлер бала шетелдік көлікті қалай мініп кеткенін анықтап жатыр.  

Алматы облысында ірі көлік апатынан бір адам ғана аман қалды