Мәскеу-Сочи рейсін орындаған ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өзенге құлады. Соққыдан шассидің тіреуі сынып кетіп, қанатына зақым келді, одан кейін өрт шықты. Ұшақ бортында 164 жолаушы және алты экипаж мүшесі болған. 18 адам жарақат алды, ұшақта болғандардың ешқайсысы қаза болған жоқ. Алайда, жолаушыларды эвакуациялау кезінде әуежай қызметкері көз жұмды, оның қаза болу себебі әлі белгісіз.