Қоғам

Назарбаев Нұрлан Нығматулинді туған күнімен құттықтады

Мәжіліс спикері биыл 56 жасқа толып отыр
Sputnik

АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинді туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Назарбаев Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады

"Бүгін мәжіліс төрағасы Нұрлан Зайроллаұлының туған күні. Оны құттықтайық", — деді Назарбаев жаңа парламенттік маусымның ашылуында. 

Қос палатаның депутаттары орындарынан тұрып, ду қол шапалақтады.

Нұрлан Нығматулин 1962 жылы Қарағандыда туған. Мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы.

2016 жылдың 22 маусымынан бастап ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы.

Үйленген. Үш баласы, төрт немересі бар. 

Каспийді қалай бөлінді? Назарбаев әріптестерін тарихи конвенцияның қабылдануымен құттықтады