Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 қыркүйек

Григориан күнтізбесі бойынша 244-ші күн, жыл соңына дейін 121 күн бар. 1 қыркүйектің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз
Sputnik

1 қыркүйекте қандай айтулы оқиға болды

Бүгін көптеген елде Білім күні. Оқушылар, студенттер, мұғалімдер, оқытушылар  үшін жаңа оқу жылы басталады. 

Өзбекстанда бүгін Тәуелсіздік күні тойланады. 

Кабардино-Балкарияда республика күні аталып өтеді. 

Ал Словакияда — Конституция күні.

1 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

1492 жылы Русь патшалығында жыл басы 1 наурыздан 1 қыркүйекке ауыстырылды; 

1939 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталды;

1951 жылы Лондонда әлемдегі тұңғыш супермаркет ашылды;

1964 жылы эфирге алғаш рет "Спокойной ночи, малыши" телебағдарламасы шықты;

1997 жылы жаңа субатомдық бөлшектер – "экзотикалық мезондар" табылды.

1 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1923 жылы Қостанай қаласында "Ауыл" (қазіргі "Қостанай таңы") газетінің алғашқы саны жарық көрді. Алғашқы ұйымдастырушы әрі редактор – Мұхамеджан Сералин, жауапты шығарушы - Бейімбет Майлин;

1950 жылы Мұхтар Әуезов Қазақ мемлекеттік университетінде "Абайтану" пәнін енгізді;

1965 жылы "Қазақстан-Семей" телеарнасы құрылды. 1 қыркүйекте Семей телестудиясының алғашқы ресми хабары эфирге шықты;

2000 жылы Түркі халықтарының Алматы мәдениет қоры құрылып, оның демеушілігімен "Түрік дүниесі" газетінің бірінші саны жарыққа шықты;

2001 жылы Қазақстан мен Мысыр республикасы арасындағы екі жақты келісімшарт негізінде Нұр-Мүбәрәк Египет Ислам мәдениеті университеті құрылды;

2006 жылы Астанада Бейбітшілік және келісім сарайының ашылу салтанаты өтті.

1 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар

1875 жылы Тарзан туралы кітаптарымен танымал жазушы Райс Берроуз дүниеге келді;

1949 жылы Фидель Кастроның үлкен ұлы, Кубаның Мемлекеттік кеңесінің ғылым жөніндегі кеңесшісі, Куба ғылымдар академиясы президентінің орынбасары Фидель Кастро Диас-Баларт дүниеге келді; 

1958 жылы ресейлік театр және кино актері Сергей Гармаш ("Стиляги", "Белая гвардия", "Ленинград 46") дүниеге келді; 

1961 жылы ресейлік кинорежиссер, актер, продюсер, жазушы, белгілі режиссер Станислав Говорухиннің ұлы Сергей Говорухин дүниеге келді.

1 қыркүйекте Қазақстанда кім туды

1910 жылы ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор Ізбасар Шағыров дүниеге келді;

1921 жылы ғалым, геология-минерология ғылымдарының докторы Мағауия Ермеков дүниеге келді;

1928 жылы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Хасенхан Талғаров дүниеге келді;

1932 жылы КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, "Халық қаһарманы" Әзірбайжан Мәмбетов дүниеге келді;

1948 саясат және мемлекет қайраткері, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының бұрынғы әкімі, экс-депутат, "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Таразы белгісінде орналасады. Бүгін шығармашылық және физикалық белсенділік күні. Ұжымдық жұмыстар, сапарлар мен саяхаттар үшін қолайлы уақыт.