АСТАНА, 31 тамыз — Sputnik. Огайо штаты университетінің әлеуметтанушылары зерттеу жүргізіп, діндар адамдардың атеистерге қарағанда ұзағырақ өмір сүретінін анықтады.
Ғалымдардың жүргізген зерттеуі құдайға сенетін адамдардың атеистерден орташа алғанда төрт жылға ұзағырақ өмір сүретінін көрсетті, деп жазады Social Psychological and Personality Science.
Зерттеушілер қайтыс болған адамдардың жынысына, отбасылық жағдайына және дінге көзқарасына талдау жасаған. Отбасы бар және діндар адамдар әйелі не күйеуі өлген, атеист және бойдақтарға қарағанда ұзақ өмір сүретіні анықталды.
Ғалымдардың түсіндіруінше, діндар адамдар ауыз бекіту мен зиянды дүниелерге тыйым салулардың арқасында ұзақ ғұмыр кешеді.
Тіпті халқының басым көпшілігі құдай үйіне жиі баратын қалаларда атеистер мен агностиктер де көп өмір сүреді, өйткені көршілерінің пайдалы әдеттерін көріп, еліктейді.
Қандай адамдардың көзге шөп салуға бейім тұратыны белгілі болды