Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 31 тамыз

Григориан күнтізбесі бойынша 243-ші күн, жыл соңына дейін 122 күн бар
Sputnik

31 тамызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз

31 тамызда қандай қызық оқиға болды

Әлемде бүгін блог күні аталып өтеді. Бұл күнді тойлау идеясы 2005 жылы 31 тамызда пайда болды. Бүгінгі таңда бүкіләлемдік блогосфера – интернеттің тез таралып келе жатқан бөлігі, соңғы уақытта жылына бұл  салада үш есе дерлік өсім байқалады. 

Молдавия жыл сайын жаздың соңғы күні дәстүрлі мейрам – Ұлттық тіл күнін (Лимба ноастрэ) атап өтеді. 1989 жылы молдаван тіліне мемлекеттік мәртебе беру туралы заңның қабылдануы бұл мерекені бекітуге себеп болды. 

Қырғызстан 1991 жылдан бері жыл сайын Тәуелсіздік күнін тойлайды. Өзбекстанда 2001 жылдан бері 31 тамызда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алады. 

Сондай-ақ бүгін Ресейде ветеринар күні аталып өтеді. Бұл мейрам 2014 жылы ауыл шаруашылығы министрі Н.Федоровтың бастамасымен бекітілді.

31 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1900 жылы Англияда алғаш рет саудаға "Кока-Кола" газды сусыны шығарылды; 

1919 жылы Ирландияда баспасөз цензурасы алынып тасталды;  

1935 жылы Донбаста Стахановтың рекорды тіркелді, бір ауысымда 192 тонна көмір өндірілді; 

1955 жылы тұңғыш күн батареясымен жүретін көліктің үлгісі көрсетілді; 

1995 жылы АҚШ-та рок-н-ролл музейі ашылды. 

31 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

2004 жылы Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдары басшыларының кездесуі өтті; 

2007 жылы Таразда Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылды;

2012 жылы  Қазақстанның тәулік бойы хабар тарататын "24KZ" тұңғыш жаңалықтар телеарнасы іске қосылды.

2013 жылы  Өскеменде жазушы Оралхан Бөкейдің ескерткіші ашылды.

31 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1749 жылы орыс ақыны, жазушы, философ Александр Радищев дүниеге келді; 

1879 жылы композитор, музыкалық этнограф Виктор Успенский дүниеге келді; 

1948 жылы немістің Scorpions тобының гитаристі Рудольф Шенкер дүниеге келді;

1949 жылы америкалық актер, "Алтын глобус" марапатының иегері Ричард Гир өмірге келді;

1980 жылы әлем чемпионы, ресейлік хоккейші Александр Попов дүниеге келді. 

31 тамызда Қазақстанда кім туды

1904 жылы филология ғылымының докторы, әдебиеттанушы, сыншы, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Зоя Кедрина дүниеге келді;

1931 жылы Қазақстанның халық әртісі Зәмзәгүл Шәріпова дүниеге келді; 

1962 жылы саясаткер, мемлекет қайраткері, ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин дүниеге келді; 

1962 жылы қазақстандық саясат және мемлекет қайраткері Ерлан Нығматулин дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Бикеш белгісінде орналасады. Бүгін қолайсыз күн, сондықтан ара-қатынасыңыз қиындап жүрген адамдармен кездеспегеніңіз жөн. Жанжалдасып, тіпті төбелесіп қалуыңыз мүмкін.