Әлем

"Өзің оңбаған!". Шенеуніктер тікелей эфирде төбелесті

Төбелескен шенеуніктерді жүргізушілер ажыратты
Sputnik

АСТАНА, 29 тамыз — Sputnik. Украина парламентінің бұрынғы депутаты Инна Богословская мен Запорожский облысындағы мемлекеттік әкімшілікте көлік және байланыс экс-министрі Евгений Червененко "112 Украина" арнасының тікелей эфирінде болып жатқан бағдарламада төбелесіп кете жаздады, деп хабарлайды SputnikРИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Сөз таластырып жатып Богословская өзінің "базар тілінде" сөйлеспейтінін айтады. Ал Червенонко оның бұл сөздеріне "ақша сұрауға келген кезде сөйлеседі" деп жауап қайырды.

Осыдан кейін бұрынғы депутат "Қандай ақшаны айтып тұрсың?" деп айғайға басып, оппонентін ұрып жібермек болады. Алайда қарсыласы бұл шапалақты иығымен тосып алып қашып үлгереді. Кейін оларды жүргізушілер ажыратты. 

Шымкентте билік өкілдерімен кездесуге келгендер төбелес шығарды

Ақырында Богословская мен Червененко "Оңбаған!", "Өзің оңбаған!" деп бір-бірін балағаттай жөнеледі.