Өңірлер

Қостанай тұрғыны "жұмбақ" құдығының құпиясын аша алмай жүр

Саяжайдағы құдықтан суық судың орнына ыстық су шыққан
Sputnik

АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Қостанай жылу-энергетика компаниясының мамандары қала тұрғынының құдығын тексеріп, гидрогеологиялық комиссияны шақыруға кеңес берді, деп хабарлайды alau.kz.

Оралда 7 жасар бала құдыққа түсіп кетті

"Мичуринец" саяжай қоғамында тұратын Натальяның айтуынша, ұзақ жылдар бойы құдықтағы су ішуге жарамды және суық болатын. 22 тамыз күні ол жерасты суының жылы екенін байқаған. 

"Қарасам, судан бу шығып жатыр, күн суық емес. Түсінбей қалдым, қолымды тигізіп едім, су жып-жылы екен. Бір қызығы, құдықтағы су күннен-күнге ыстық болып барады. Қазір оның температурасы 40 градус шамасында. Өлшеген жоқпын, бірақ қолыма ыстық екені сезіледі", — дейді Наталья Стоянова. 

Оның құдығынан су алатын көршісі де мұндай ғажайыпқа таңғалып отыр. Бұл суды олар ыдыс-аяқ пен кір жууға қолданады.

"Менің қызым жуынады. Шашын жуып еді, жібектей болды. Міне, суық сусыз қалдық. Қостанайдағы бүкіл ыстық суды біз алып қойдық! Бір жағынан күлкілі, әрине, бірақ мен қорқып отырмын. Ара-тұра бұрқылдап қояды. Бір нәрсе болып қала ма деп зәрем ұшады", — дейді тұрғын. 

Қостанай жылу-энергетика компаниясының мамандары "жұмбақ" құдықтың қайда орналасқанын тексерді.

Түркістандағы киелі құдықтың шырақшысы өзі куә болған тылсым күш туралы айтты

"Қазіргі таңда жылу көздері тұр, құбырларда су жоқ. Бұған қоса, біздің құбырлар қала шегінде орналасқан. Саяжайларда ҚЖЭК желілері жоқ, ешқашан болған емес", — деп түсініктеме берді кәсіпорынның баспасөз қызметі.

"ҚЖЭК" мамандары тұрғындарға гидрогеологиялық комиссияны шақыруға кеңес беріп отыр.