Әлем

Полиция мыңдаған араға бола алаңды жапты

Тәртіп сақшылары араларды ұстауға 45 минут уақыт жұмсады
Sputnik

АСТАНА, 29 тамыз — Sputnik. Нью-Йорк қаласында аралардың омартасы полицияны қаланың басты алаңы Таймс-скверді жабуға мәжбүрледі, деп хабарлайды SputnikReuters сайтына сілтеме жасап. 

Құйрығы бар, құртқа ұқсас беймәлім жәндік табылды - видео

Мыңдаған жәндіктің қала ортасына қайдан ұшып келгендері белгісіз. Жаяу жүргіншілер олардан қашуға мәжбүр болғандықтан, полицияның аралар жиналған аумақты жабуларына тура келді. Көп ұзамай осы мыңдаған ара хот-дог сататын дүңгіршектің шатырына жиналды. 

Араларды ұстау операциясы 45 минутқа созылды. Оны арнайы шаңсорғышқа ұқсайтын құралмен полиция қызметкерлері жүргізді. Араларға да, адамдарға да ешқандай зиян келмеді. Алдағы уақытта бұл аралар басқа омартаға жіберілмек. 

Детектив София Мейсон араларды ұстау барысында ешкімнің зиян шекпегенін айтты. Олар бар болғаны шұжық қосылған бәліш жегілері келген сияқты.