Әлем

Дәрігер операциядан кейін наркозда жатқан әйелді зорлап тастады

Жеке меншік клиниканың қызметкері кінәсін мойындады, деп хабарлады тергеу комитеті
Sputnik

АСТАНА, 29 тамыз — Sputnik. Ресейдің Самара қаласындағы жеке меншік клиникалардың бірінде дәрігер операциядан кейін ес-түссіз жатқан әйелді зорлаған, деп хабарлайды Ресейдің тергеу комитеті. 

Ауыл тұрғыны базардың жанында 10 жасар қызды зорлап тастады

Тергеу комитетінің хабарлауынша, анестезиолог дәрігерге айып тағылды. Ол операциядан кейін наркозда жатқан әйелді зорлаған. Дәрігердің ісі сотта қаралады. 

Бұған дейін тергеу комитеті Самарадағы косметология және пластикалық хирургия саласында жұмыс істейтін клиника қызметкерінің пациент әйелді зорлағанын, тергеу жүріп жатқанын хабарлаған еді.

Ер адам кінәсін мойындаған.