Спорт

Белгілі қазақ балуаны Сметовті Азиададан жедел жәрдем көлігі алып кетті

Жарақат алған Сметов келесі жекпе-жекке шыға алмай, тіпті ынталандыру раундына да қатысқан жоқ
Sputnik

АСТАНА, 29 тамыз — Sputnik. Азия ойындарына қатысқан дзюдошы Елдос Сметов жекпе-жектен кейін ауруханаға түсті, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитет.

Қазақстандық гимнасшы Азиада ойындарының сегізінші алтынын жеңіп алды

"Жедел жәрдем алып кетті, рентгенге түсіреді. Екінші жекпе-жекте құлағаннан кейін оң жақ қабырғасын сындырды ма деген күдік бар",- деп мәлімет берді Қазақстанның дзюдо құрамасының дәрігері Наталья Кудашова.

1/4 финалы кезінде Сметов жарақат алып, екінші жекпе-жегін жалғастыра алмады. Сонымен бірге, үшінші орын үшін таласуға мүмкіндік беретін ынталандыру раундына да қатыса алған жоқ.

Айта кетсек, әйелдер арасында қазақстандық дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах қола жүлде үшін қытай қызы Яо Ксионгпен күреседі.

Галбадрах жартылай финалда жапон қызы Ами Кондодан жеңіліп қалған. Бірақ Ұлттық олимпиадалық комитеттің айтуынша, қазақстандықтың бірнеше сәтті шабуылы есептелмей қалыпты.

Руслан Исраилов Азиаданың алтын жүлдегері атанды