Қоғам

Астанада "су алып кеткен" автобустың жүргізушісі жұмысына оралды

Елордадағы нөсер жауын кезінде пайда болған терең суды айналып өтпеген жүргізушіге қосымша нұсқаулық жүргізілді
Sputnik

АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. Астанада салонын су алып кеткен автобус жүргізушісі жұмысқа қайта оралды.

Нөсер жауын кезінде басшылыққа құлақ аспаған елордалық жүргізушіні қызметтен босатпаған. Ер адамға қосымша нұсқаулық жүргізіп, ескерту жасалды.

"Өзін көрсеткісі" келген жоқ. Тек сөз тыңдамай, нұсқауды орындамады. Жақсы жұмыс істегені үшін жүргізушілерге төленетін сыйақысынан айырылды, өйткені бізге құлақ аспағанымен қоймай, өзінің әрекеті туралы хабар берген жоқ", — деп мәлімет берді  Astana LRT компаниясының қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Науат Азанбаева Sputnik агенттігіне.

Жүргізуші тағы да ереже бұзса, жұмыстан шығарылады, деп мәлімдеді қоғамдық көлікті басқарушы компания.

Исекешев Астанадағы жолаушы тасымалдаушыларға неге шүйлікті?

Астанада өткен аптада нөсер жаңбыр шелектеп құйды. Автобус жүргізушісі терең көлшікті айналып өтпей, көлік салонын су басып кеткен. Кейінірек қызметтік тексеру жүргізу мақсатында ер адамның жұмыстан шеттетілгені белгілі болды.

Жолақы — 1 теңге. Енді қоғамдық көлікпен жүру ақысын SMS-пен төлеуге болады