Оқиға

Алматыда тағы бір жаяу жүргіншіні Lexus қағып өлтірді

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жолдан өтіп бара жатқан ер адам мас болған
Sputnik

АЛМАТЫ, 28 тамыз – Sputnik. Алматыда ер адам көлік астына түсіп қаза тапты, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik агенттігіне.

Алматыда кісі қағып өлтірген Lexus жүргізушісін іздеп жатыр

Қайғылы оқиға Сәтпаев көшесі бойында Щепетков көшесімен қиылысында болған. Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Lexus Сәтпаев көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан, ал мас ер адам қызыл жанып тұрғанда жолға шығып кетіпті.

Көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам оқиға орнында көз жұмған. Шамамен жасы 55-60-та, қалтасында құжаты болмай шықты.

ер адамның кім екенін және оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

1 / 3
Сәтпаев көшесінде мас кісі көлік астына түсіп қаза тапты
2 / 3
Сәтпаев көшесінде мас кісі көлік астына түсіп қаза тапты
3 / 3
Сәтпаев көшесінде мас кісі көлік астына түсіп қаза тапты

Кеше тура осындай жол апаты болған еді. 55 жастағы ер адам Саин көшесінде тиісті емес жерден жолды кесіп өтіп бара жатып, Lexus астына түсті. Жаяу жүргіншіні қағып өлтірген көлік оқиға орнынан қашып кетті.