Әлем

Танымал актер 40 жыл бұрын қыз зорлағаны үшін сотқа шақыртылды

Қолда айғақтардың бар екеніне қарамастан, актер кінәсін мойындаудан қашып отыр
Sputnik

АСТАНА, 27 тамыз — Sputnik. Австралия полициясы 40 жыл бұрын әйел зорлаған болуы мүмкін деген күдікпен актер Джон Джэррэтті сотқа шақырды.  Бұл туралы The Hollywood Reporter сайты жазды. 

Психоаналитик: Қазақстанда педофилдер қалаға қарағанда, ауылда көп

Тергеу мәліметі бойынша Джэррэт 1976 жылдың қыркүйек айында Сиднейдің шығысында есімін жасырған әйелді зорлаған. Актер ол уақытта 23, ал жәбірленуші 18 жаста болған. 

Бірінші рет актерге айып 2017 жылдың қазан айында тағылды. Жәбірленушіден алынған сұхбатты журналист Трейси Спайсер жариялап, ол әлгі әйелге құқыққорғау органдарына баруға кеңес берген. Ал жұлдыздың өзі барлығын жоққа шығарып отыр.

Джон Джэррэт "Қасқырдың апаны" фильмінде және өзге де телехикаяларда бой көрсеткен. Оның филмографиясында "Құздағы пикник" және "Бостандыққа шыққан Джанго" сынды туындылар бар.