Оқиға

Павлодар облысында басқарма басшысы отбасымен жол апатынан қаза болды

Көлікте облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы әйелі мен үш жасар баласымен бірге отырған
Sputnik

АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында жеңіл автомобиль мен жүк көлігі соқтығып, салдарынан төрт адам қаза болды, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.  

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды

Жол апаты Аққулы ауданы Черное ауылының маңындағы тас жолда болған. Жеңіл көлікте 37 жастағы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков және оның әйелі мен үш жасар баласы отырған. Олар оқиға орнында көз жұмды. Көлікте болған 53 жастағы әйел де қаза тапты.

Апат орнынан түрлі жарақатпен 57 жастағы ер адам мен 27 жастағы әйел аурухана жеткізілді. Ақпаратты облыс әкімінің баспасөз қызметінде растап, Ардақ Райымбековтың демалыста болғанын хабарлады.

Жедел жәрдем қызметіне қоңырау түнгі сағат 00:14-те түскен. Полиция қазір қылмыстық істі тергеп жатыр. Барлық сараптамалар тағайындалған.