Спорт

Қазақстан 2018 жылғы Азия ойындарының жетінші алтын медалін жеңіп алды

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының чемпионы атанды
Sputnik

АСТАНА, 27 тамыз — Sputnik. Көркем гимнастикадан Қазақстан командасы ел қоржынына Азиаданың жетінші алтын жүлдесін салды деп хабарлайды Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі. 

Бұл сында ел намысын Алина Әділханова, Даяна Әбдірбекова және Адиля Тілекенова қорғаған болатын.

Біздің команда жалпы есепте 159.850 ұпай жинап, Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды.

Екінші орында Өзбекстан, үшінші сатыда Оңтүстік Корея спортшылары. 

Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Азия ойындарының жетінші алтын медалін жеңіп алды

Айта кетейік, бұған дейін велошабандоз Алексей Луценко (екі алтын медаль), джиу-джитсу шеберлері Руслан Исраилов пен Дархан Нортаев, семсерлесуші Дмитрий Алексанин және каратэші Гузалия Гафуров алтыннан алқа таққан болатын.

Сонымен, қазіргі кезде Қазақстанда 43 медаль бар. Азиада-2018 2 қыркүйекке дейін жалғасады.

ММА чемпионын он шақты адам ұрып өлтірді – оқиғаның видеосы жарияланды