Әлем

Қыз су жаңа көлік пен көп ақша беріп, үйленуге ұсыныс жасады: жігіті қашып кетті - видео

Сәтсіз жасалған үйлену туралы ұсыныс Интернетте жылдам таралып жатыр. Бұл шын өмірде болған оқиға екен
Sputnik

АСТАНА, 26 тамыз — Sputnik. Қытай қызы сүйіктісін биіктен қорқатын мінезінен арылту үшін амал ойлап тапқан екен, деп жазады Sputnik Қырғызстан

Синьми қаласының жиырма үш жастағы тұрғыны Сяо Цзин үш жыл бойы жігітімен кездесіп жүрген, бірақ оның биіктен қорқатын мінезін жақтырмайтын көрінеді. Қыз сүйіктісін бұл үрейден арылтуды көздейді.

Қалыңдық көйлегін киген Цзин су жаңа көлікпен The Fuxi Mountain Skywalk шыны көпіріне келіпті. Ештеңеден бейхабар жігітті Цзиннің айтуымен достары алып келеді. Жігіт көпір үстінде қызы мен оның жасауын көреді: көлік және жүз мың юаньға (14,5 мың доллар) толтырылған чемодан. Сяо Цзин жігіті көпірден өтсе, осы байлықтың бәрін беруге уәде берді.

"Үш жыл бойы сенімен бақытты болып жүрсем де, ата-анам үйленіңдер деп айтса да, саған тұрмысқа шыға алмаймын. Неге екенін білесің бе? Өйткені сенің бір әлсіздігіңе көндіге алмаймын — биіктен қатты қорқасың… Бар болғаны — шыны көпірмен жүріп өтсең болды. Сонда мен сенің әйелің боламын", — деп мәлімдеді қытай қызы.

Жас жігіт көпірден өткісі келсе де, қорқынышын жеңе алмады. Ақыры соңында, қызды жауапсыздығы үшін, "қарым-қатынастарын аяқ асты еткені" үшін айыптап, кетіп қалды.

Қалыңдық той үстінде аяғын сындырып алды