АСТАНА, 26 тамыз — Sputnik. Мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құран өрт шыққан ғимаратта жанып кетпей, сол қалпы бүтін қалған, деп хабарлайды оқиға куәгерлері.
Желіде тарап кеткен видеода автор өртенген сарайда жанып кетпей, бүтін қалған Құранды көрсетеді. Қазақстанда түсірілген кадрларда ғимараттың ағаш бөліктері түгел жанып кеткені көрінеді. Тұрмыстық заттар мен жиһаздарды да от шарпыған.
Бұл оқиғаға қатысты әркім әртүрлі пікір айтты. Біреулер мұны таңғажайып оқиға десе, кейбіреулер қасиетті кітапқа арнайы ертініді құйылған дейді.
Түркістандағы киелі құдықтың шырақшысы өзі куә болған тылсым күш туралы айтты