Қоғам

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру: жазу емлесінде қанша ереже болады

Қазақ тілді халық ана тілінің ерекшелігіне байланысты жазғысы келеді – деген шешімге келді тіл білімі ғалымдары
Sputnik

АСТАНА, 26 тамыз — Sputnik. Қазақ тілінің латын әліпбиінде 19 негізгі ереже болмақ.

Жаңа әліпбидің орфографиясы 150 параграф пен 19 маңызды ережеден тұрады.

Түймебаев лекция кезінде латын әліпбиімен қиналмай жазды

Сарапшы Анар Фазылжанова "Хабар24" арнасына ғалымдардың жазу емлесінің алғашқы апробациясынан кейін қандай шешімге келгенін айтып берді. Оның айтуынша, қазақ тілінде сөйлейтін халық сөздерді ұлттық ерекшелікке орай жазады. Фазылжанованың сөзіне сенсек, бұл жайт зерттеушілерді таңғалдырған екен.

Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтқандай, қазақ тілінде 21 мың жаңадан бекітілген термин бар. Олардың жартысынан көбі – аралас немесе кірме сөздер, ал 40%-ы — төл терминдеріміз. Бұл сөздермен termincom.kz сайтында таныса аласыздар.

Латын әліпбиіне көшуге байланысты Елтаңба қалай өзгеруі мүмкін?

Бұдан бұрын Қазақстан президенті қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысы кей сөздердің орыс тілінен қазақ тіліне аударылған баламалары үшін ұялатынын атап өткен болатын.