АСТАНА, 26 тамыз — Sputnik. Сент-Луис қаласындағы Вашингтон Университетінің зерттеушілері анықтағандай, трегалоза қанты (қалпына келмейтін дисахаридтер тобынан шыққан көмірсутек) адам ағзасына оң ықпал етеді. Ғалымдар шығарған қорытынды MedicalXpress басылымында жарық көрді, деп жазады РИА Новости.
Зерттеуге сүйенсек,трегалоза бауырға жағымды әсер етіп, инсулинге сезімталдықты арттырады, нәтижесінде диабет дертіне шалдығу қаупі төмендейді.
Тышқандарға жасалған тәжірибе көрсеткендей, трегалозаны ауыз суына қоссаңыз, ALOXE3 гені белсенділікке ие болады. Сонымен бірге, бұл дисахарид глюкзаның бауырға түсуіне кедергі келтіріп, қаннан сорып алып тастап, ағзада түзілуіне жол бермейді.
Қанттың тіске қандай зияны бар — ғылыми зерттеулер
Соның арқасында адам ағзасы инсулинді жақсырақ сіңіріп, екінші типті қант диабетіне шалдығу қаупі азаяды.
Бұдан бөлек, ғалымдар анықтағандай, дисахарид калорияны жұмсау қарқынын үдетеді, дене температурасын арттырып, бауырға май жиналуына кедергі жасап, қан құрамында холестерин деңгейінің төмендеуіне септігін тигізеді, нәтижесінде адамды артық салмақ жинаудан қорғайды.