Қоғам

Психолог күн бұлттанған кезде қалай тамақтану керектігін айтты

Психолог Наталья Обердерфер Sputnik Қазақстанға күзді күні көңіліміз жабырқап, күйзеліске ұшырағанда не істеу керектігін айтып берді
Sputnik

АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Біздің ағзамыздың дұрыс қызмет атқарып, тіршілік етуіне белгілі бір гормондар жауап береді. Мәселен, серотонин гормоны – жақсы көңіл күй гормоны болып есептеледі, дейді психолог Наталья Обердерфер Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.

Ғалымдар ең қауіпті азық-түлікті анықтады

Психологтың айтуынша, бұл гормонның ағзада атқаратын қызметі өте көп, бірақ оның ішінде бүгін қарастыратынымыз – жақсы көңілкүй, психологиялық денсаулық, адамның өз өміріне ризашылығына жауап беретін қызметі.

"Адам қанында серотонин деңгейі төмендеген кезде, көңілкүйі түсіп, ойлау қабілеті төмендейді, уайымы көбейіп, жабырқаулы күйге енеді. Серотонин қалыпты деңгейінен төмендемеу үшін, дұрыс тамақтанып, күн шуағына шомылып, физикалық белсенділікте болған жөн. Күз келіп, күн бұлттана бастағанда, күнделікті рационда триптофанға бай азық-түліктерді пайдалану керек. Мәселен, сұлы, күріш, қарақұмық, кептірілген сары өрік, інжір және жаңғақтың әр түрі. Жануар ақуызынан – ірімшік, балық және теңіз өнімдері", — дейді Обердерфер.

Ғалымдар ақыры адам өмірін ұзартудың жолын тапты

Бұлтты күндері адамның ұнжырғасы түсіп, көңілкүйі болмаған шақта, қою шоколад жегені абзал. Өйткені оның құрамында глюкоза да, триптофан да бар.

Сонымен, психологтың кеңесін қорытындылайтын болсақ, күн бұлтты күндері сары уайымға салынбай, белсенді жүру үшін, дұрыс тамақтанып, дене шынықтырумен айналысу қажет. Бірақ күйзеліске ұшыраудың алдын алғыңыз келсе, жайма шуақ күндері қыдырып, күн сәулесіне шомылу керек екенін ұмытпаған дұрыс.