Қоғам

Жеген сайын адамды бақытты ететін 7 тағам

Кейбір азық-түлік түрлері адамның денсаулығына пайдалы ғана емес, сонымен қатар көңіл-күйді де көтереді
Sputnik

АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Адам ағзасында бақыт гормонының түзілуіне септігін тигізетін азық-түлік түрлерін ұсынамыз. 

1. Банан — триптофан көзі 

Ал триптофаннан бақыт гормоны деп те аталатын серотонин түзіледі. Бананның құрамындағы минералды заттар мен дәрумендер (магний, калий, В тобының дәрумендері) жүйке жүйесінің қызметінде өте маңызды рөл атқарады. Күйзеліс пен шаршағандыққа қарсы күресте пайдасы зор. 

Егер шаршап-шалдығып, энергияңыз сарқылса, банан жеп алыңыз. Бұл жемістің арқасында лезде бойыңызға күш жиналып, сергек бола түсесіз.

Банан

2. Шоколад 

Шоколад жүйке жүйесінің жұмысына оң әсер етеді. Шоколад жегенде адамның бойын қуаныш сезімі кернейді. Себебі организмде эйфория жағдайын туғызатын эндорфиндер түзіледі. Бұл ретте құрамында какаосы мол шоколадты таңдаған дұрыс – ол басқа сұрыптарға қарағанда пайдалырақ саналады. 

Алайда шоколодты тым көп жеу, керісінше, көңіл-күйдің түсуіне әкеп соғуы мүмкін.

Шоколад

3.Шпинат — фолий қышқылының көзі

Шпинаттың құрамында жүйке жүйесінің қызметі мен дұрыс дамуында маңызды рөл ойнайтын фолий қышқылы жетерлік. Фолий қышқылына бай тағамдарды жеу көңіл-күйді көтеріп, адамды бақытты ететін серотонин – бақыт гармонының түзілуіне септігін тигізеді. Фолий қышқылы дұрыс сіңу үшін оны құрамында темірі бар азық-түлікпен, мысалы етпен бірге жеген дұрыс. 

Шпинатты жақсы көрмейтіндер оны брокколи немесе брюссель қырыққабатымен алмастыра алады.

4. Жаңғақ 

Адамның көңілін көтеру үшін жаңғақтың барлық түрі жақсы: кешью, грек жаңғағы, миндаль. Олар протеин мен магнийға бай. Дәл осы магний қандағы қанттың энергияға айналуына жауапты.

Жаңғақ

5. Балық

Әсіресе майлы балықтың құрамында омега 3 аминқышқылы көп. Ғалымдар бұл аминқышқылдың адам ағзасына күйзеліспен күресуге, жүрек жұмысын жақсартуға көмектесетінін баяғыда-ақ дәлелдеп қойған.

Балық

6. Авокадо

Энергия мен сергектік көзі. Оның майы жүрек пен қан тамырларына оң әсер етіп, холестерин деңгейін төмендетеді. Күн сайын авокадоның жартысын жеп отырсаңыз, күшіңіз бен энергияңыз тасып, көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады.

7. Жидек

Құлпынай, таңқурай мен қаражидектің құрамында – жабығу мен күйзеліске жол бермейтін нәрлі заттар – антоцианидиндер мен антоциандар бар. Бұған қоса, тәтті әрі шырынды жидектер көңіл-күйді көтеріп, денсаулыққа оң әсер етеді.

Құлпынай