АСТАНА, 25 тамыз— Sputnik. Кокос майы ең қауіпті азық-түлік ретінде танылды, деп хабарлайды РИА Новости Фрайбург университетінің онкологиялық аурулардың алдын алу мен эпидемиология институтының зерттеуіне сілтеме жасай отырып.
Кокос майы қазірде тамаққа да, косметиканың құрамында да пайдаланылып жүр. Бірақ зерттеушілердің айтуынша, бұл май ең нашар өнімдердің қатарында. Бұл кокос майы құрамының 80 пайыздан астамы қою майдан тұруымен байланысты. Ол шошқа майынан екі есе, ал сиыр майынан 60 пайыз көп.
Ғалымдардың айтуынша, кокос майы "жаман холестериннің" мөлшерін арттырады, салдарынан адам жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығуы мүмкін.
- Қандай адамдардың көзге шөп салуға бейім тұратыны анықталды
- Ғалымдар ыстық шайдың ешкім күтпеген пайдасын айтты
- Қанша тамақ жесең де, семірмеудің амалы табылды